Отырар аудандық білім бөлімінің әдіскері Манаткүл Жүсіпәліқызы мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, әдістемелік қолдау көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында "Әдіскермен бір күн" айдары бойынша Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып, оқу-тәрбие процесінің жүргізілу барысын бақылады. Сонымен қатар, ІІ ауысымдағы үйірме жұмыстарына қатысып, олардың ұйымдастырылу деңгейімен танысты.
Бір күндік жұмыс барысында әдіскер мектептің сабақ үдерісіне қатысып, оқушылардың білім алу деңгейін, мұғалімдердің сабақ жүргізу шеберлігін бақылады. Сабақ барысында заманауи әдіс-тәсілдердің қолданылуына, оқушылардың белсенділігіне назар аударылды.
ІІ ауысымда әдіскер түрлі бағыттағы үйірме жұмыстарына қатысып, олардың ұйымдастырылу барысымен танысты. Атап айтар болсақ, спорттық үйірмелер "Баскетбол", "Волейбол", "Үстел теннисі", "Футбол" үйірмелері, "Жас эколог", "Дебат", "Домбыра", "Жас суретшілер". Үйірмелердің оқушылардың қызығушылығын арттырудағы рөлі, шығармашылық қабілеттерін дамытуға қосатын үлесі сараланды.
Бір күннің жұмыс қорытындысы бойынша әдіскер тарапынан педагогтерге әдістемелік көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. Жалпы, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны анықталды.
«Әдіскермен бір күн» айдары бойынша жүргізілген жұмыстар педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға оң ықпал етері сөзсіз.





