Тіліңізді таңдаңыз

Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КҮНІ КӨРСЕТІЛДІ

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектептен мектепке» жобасы аясында 02 қазан 2026 жылы әдістемелік көмек көрсету күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету, өзара тәжірибе алмасу, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану және білім сапасын арттыру.
Іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д. Ембай, пән әдіскерлері мен М.Әуезов атындағы мектептің педагогтері және Ө.Жәнібеков атындағы мектептің пән мұғалімдері қатысты.
Бағдарлама барысында жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде пайдалану, ата-анамен тиімді байланыс орнату, оқушының бейінін анықтау, әдістемелік бірлестіктің цифрлық ортасын дамыту бағыттарындағы таныстырылымдар мен шебер сыныптар өткізілді.
Сонымен қатар тарих, физика, география, биология, химия, қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, информатика, алгебра, көркем еңбек және бастауыш сыныптар бойынша ашық, біріккен және практикалық сабақтар ұйымдастырылды. Психологиялық тренинг пен шығармашылық жұмыстар да жүргізілді.
Сабақтардан кейін М.Әуезов мектебінің педагогтері әр сабаққа жеке кері байланыс беріп, қолданылған тиімді әдіс-тәсілдерге, оқушылардың белсенділігіне және мұғалімдердің кәсіби шеберлігіне оң бағаларын білдірді. Ө.Жәнібеков мектебінің мұғалімдеріне тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс айтып, шығармашылық және кәсіби табыс тіледі.
«Мектептен мектепке» жобасы аясындағы әдістемелік көмек көрсету күні педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби шеберлігін арттыруына және мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында ұсынылған тиімді әдіс-тәсілдерді оқу үдерісінде пайдалану және өзара әдістемелік байланысты жалғастыру ұсынылды.
Мұғалімдерге кәсіби жетістік, шығармашылық табыс және оқушыларының жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатындағы мазмұнды іс-шараға әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай өз алғысын білдірді.