Аудандық білім бөліміне қарасты Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында әдістемелік кеңес өткізілді.
Әдістемелік кеңеске білім беру ұйымдарының оқу ісі, бейінді істер, тәрбие, АКТ жөніндегі орынбасарлар мен бастауыш мектеп меңгерушілері, мектепке дейінгі ұйым басшылары қатысты. Кеңестегі қаралған мәселелерді әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай жүргізді. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. 2026-2027 оқу жылының басталуы және ӘНХ таныстыру.
2. МАД тобы мен 1-сыныпқа оқушы қабылдау.
3. Ауыл мектептерінің олимпиадасына және жалпы пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадасына дайындық жұмыстары туралы.
4. Кең жолақты интернет желісі және әлеуметтік желіні қолдану мәселесі туралы. Ұлттық білім беру деректер базасын сапалы толтыруды қамтамасыз ету бойынша қорытынды жұмыстары. Бүгінгі цифрлық технологияларды , жасанды интелект мүмкіндіктерін түсіндіру.
5. Тәрбие жұмысының ұйымдастырудағы ерекшеліктері. “Адал азамат”біртұтас тәрбие бағдарламасын түсіндіру.
6. 2025-2026 оқу жылының ҰБТ қорытындысын талдау.
7. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2026-2027 оқу жылының ерекшеліктері туралы түсіндіру.
8. Әр түрлі мәселелер қаралды.





