"Ергөбек негізгі орта мектеп"" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25.12.24 ж "Ерекше қажеттіліктері бар балаларды бағалау психологиялық -педагогикалық қолдау көрсету "тақырыбында аудандық педагог психологтар, логопедтер,педагог ассистенттердің қатысуымен семинар өтті.Семинар мақсаты: Ерекше қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету,жеке тұлға ретінде белсенділігін,қабілетін,оқу дағдыларын дамыту.Семинарға қатысушыларға жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында, интерактивті тақтадан өзіне ұнаған шарларды таңдап,өзіне арналған тілектерді оқумен Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Нургул Аханова мен мектеп директоры Кембай Алипбеков ағай жиынды ашып берді.Семинарға қатысушылар екі топқа бөлініп,сабақтарға енді,түрлі әдіс -тәсілдерді пайдалана отырып,сабақтар өтілді.Семинар соңында "Әр бала бір жарық жұлдыз"тақырыбында концерттік бағдарламамен қорытындыланды.Семинар соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Шербаевтың "Алғыс хатымен семинарда үлгілі сабақ көрсеткені үшін,сабақ өткізген арнайы сынып жетекшілері мен логопедттер,мектеп психологтары марапатталды.
Жаңалықтар
