Тіліңізді таңдаңыз

Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ДЕНІ САУ ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ТАҢДАУЫ!

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және олардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылындағы «Отырар» жазғы сауықтыру лагерінде «Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ» тақырыбында, «Есірткісіз болашақ» ұранымен жасөспірімдерге арналған жаңа форматтағы семинар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалар нашақорлық пен есірткінің зияны, салауатты өмір салтының артықшылықтары туралы өз ойларын түрлі-түсті борлар арқылы суретке түсіріп, шығармашылық жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар, жасөспірімдермен зиянды әдеттердің алдын алу, денсаулықты сақтау, дұрыс өмірлік таңдау жасау және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің есірткіге қарсы берік көзқарасын қалыптастыруға, олардың жауапкершілігін арттыруға және бос уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді.
🌿 Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ!
🚫 Есірткісіз болашақ – жарқын болашақ!