Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Педагогтердің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілігін арттыру курсы өтілді

Отырар ауданы Жамбыл мектеп-лицейі базасында, 2025 жылы 21.04-02.05 аралығында «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтілуде. Курсты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ«Түркістан облысы бойынша кәсіби даму институты»филалының тренері Жанысбек Ләззат жүргізуде. Мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсаттарына сәйкес оқушының сапалы білімге жету,оқу сауаттылығын меңгеру,тіл тазалығын сақтап,сөздік қорды дамыту мақсатында әдіс -тәсілдер талданды. Атап айтар болсақ, «Біле жүрейік», «идеяларды ұстап ал», «Пікір, дәлел,қорытынды», «Эмоция кестесі», «Оқиға тауы» сияқты бірнеше заманауи әдістермен танысып, сабақ барысында қолданылып, практика жүзінде әріптестік кері байланыстар жасалды. Жеке тұлғаның дұрыс сөйлеу,жазу дағдысын қалыптастыруда тиімді тапсырмалар құрастыру т.б тәжірибелік жұмыстар белсенді жүргізілуде. «Оқушы сауатты болу үшін- мұғалімнің сауаттылығы маңызды» қағидасымен курсқа қатысушылар әр күнді тиімді пайдалануда.Соңғы жаңалықтарды меңгере отырып, заманауи цифрлық кезеңге жаңалықпен ілесу үшін, кәсіби білімді үнемі, үздіксіз жетілдіріп отыру керек.