Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!

Сіздерді, халықтар достығы мен ынтымағының символы – 1 Мамыр мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Берекелі өмір, баянды болашақ тілеймін! Көпұлтты еліміздің ынтымағы мен татулығы – біздің басты байлығымыз. Осы бірлік пен тұтастықтың арқасында еліміз дамып, жаңа жетістіктерге қол жеткізуде.

Білім саласының ұжымы ретінде біз де жас ұрпаққа толеранттылық, патриоттық тәрбие беріп, ел бірлігін нығайту жолында еңбек етудеміз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Бейбіт аспан астында бірлігіміз бекем болсын!

Құрметпен,

Шербаев Кудайберген Каипбекович