Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
"КітапХАН@" кітап оқу сайысы

"КітапХАН@" кітап оқу сайысы

Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Жамбыл мектебінің базасында "Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт" жобасы аясында білім беру ұйымдарының ақпарат орынбасарлары мен бейіндік орынбасарлары арасында кезекті “КітапХан” кітап оқу сайысы болып өтті. Жарысқа Көкмардан ЖББМ, Р.Бердібай ЖББМ, Қ.Сәтпаев ЖББМ және С.Әшіров ЖББ мектептері қатысты. Айлық кезеңнен жылдық кезеңге ақпарат орынбасарлары арасынан Көкмардан мектебінен Мұхамедсапақызы Жансая -Төлен Әбдіктің "Оң қолын" қорғаса, ал бейіндік орынбасарлары арасынан Көкмардан мектебінен Саметова Эльмира апайымыз Д.Исабековтің "Қарғын" шығармасын жоғары деңгейде қорғап, келесі кезеңге өтті. Жеңімпаздарды құттықтап, сәттілік тілейміз! Кітап оқып, рухани сусындап жүрелік!

475670859 2689720851416828 5225427387162507424 n475843243 2689720911416822 4577537278517580860 n