Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

КІТАПХАНАШЫЛАР ЕҢБЕГІНЕ ҚҰРМЕТ!

3 қараша күні Отырар ауданы №1 жалпы білім беретін мектепте «Кітапханашылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік –шараның мақсаты – руханият шамшырағы саналытын кітапханашылардың еңбегін дәріптеу болды.

Мерекелік кешті Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың бас әдіскері Ешимова Аманкул Бастаубаевна мен Түркістан қаласынан «Сарасөз» журналының редакторы Қарыбекқызы Гүлжаз ханым, аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Дархан Ембай кітапхана саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Отырар ауданы білім бөлімінің әдіскері Жақсыбаева Манаткүл білім беру мекемелерінің 5-7 сынып оқушылары мен сынып жетекші кітапхана мамандарының жұмыстарын ұйымдастыру барысында «Оқитын сынып» жобасын таныстырып, № 1 мектеп оқушылары осы жоба аясында сынып жетекшісі Әбдіразаққызы Разия мен кітапхана маманы Бакторазова Акмарал 6-сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді.