Түркістан облысы,Отырар ауданы Т. Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қазақстанның халық жазушысы, тәуелсіз «Тарлан сыйлығының иегері, публицист, сыншы, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық мерей тойына арналған аймақтық мектеп кітапханашыларының қатысуымен поэзия кеші өткізілді. Поэзия кешінің шымылдығы ақынның сөзіне жазылған «Қазақ осы» таныстыру әнің 7-сынып оқушысы Баянбай Ақеркенің домбырада шырқауымен ашылды. Кешті аудандық білім бөлімінің кітап қоры жөніндегі әдіскері М. Жақсыбаева ашып, іс шараның мақсаты мен алдағы жоспарлармен таныстырды. Кеш барысында ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына бейне шолу жасалып, оқырмандар өлең жырларынан шашу шашты. Кітапханашылар ақынның мағынасы терең өлеңдерін суырылып шығып жатқа айтты. Қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның шығармаларынан көрме ұйымдастырылып, ақынның сөзіне жазылған соның ішінде Шәуілдірге арналып жазылған өлеңі шырқалды. Поэзия кешін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж. Байзақ қорытындылап, ақынның шығармашылығы әлі де дәріптеліп, тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жалғасын табатындығын және келген қонақтарға шығармашылық табыс тілеп қорытты. Поэзия кешінің соңы Қадыр Мырза Әлінің сөзіне, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнің қосыла шырқаумен аяқталды. Мерей той иелерінің шығармашылығын оқырмандарға насихаттау жұмыстары әлі де жалғасын таба бермек.
Жаңалықтар
