Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
"ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП" АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАУ БАСТЫ ПАРЫЗЫМЫЗ!

"ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП" АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАУ БАСТЫ ПАРЫЗЫМЫЗ!

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелейді. Иә, "Ұстазды алтын діңгекке балар едім"-деп ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаздық-тарихтағы ең ұлы істің бірі.

Бүгін білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Егемберді Қасым ауданға білім беру саласында аянбай еңбек сіңірген,үлгілі бола білген зейнеткер, ардагер ұстаздарымызды жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күймен құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп қайтты. Білім беру кеңістігінде еңбек еткен Ж.Көлбаев, П.Жаппарқұлов, М.Өксікбаев, Б.Арзықұлов, М.Белгібаева, Қ.Байжұман, М.Тұрлыбек, Р.Шалмекен, Р. Есенәлиева сынды зейнет демалысындағы ардагер ұстаздар бізге үлгі.

471425017 2662389777483269 647797522805477076 n471560456 2662389690816611 1946373426708330737 n471491389 2662389870816593 284040069744948263 n471589056 2662389920816588 7525685790802482010 n471276100 2662389830816597 3907598667079897638 n471311892 2662389604149953 8962055369489588972 n