24.12.2024 жылы "С.Мұқанов атындағыжалпы білім беретін мектеп" КММ базасында "Ұлттық құндылықтар арқылы жасөспірімдердің тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру" тақырыбында, АББ әдіскері Н.Аханованың ұйымдастыруымен педагог-психологтардың аудандық семинары болып өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне негізделген тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті және девиантты мінез-құлықтың алдын-алу.
Іс-шара бағдарламасы өте ауқымды және мазмұнды болды:
Ашылу рәсімі мектеп директоры С.Аймбетова мен АББ әдіскері Н.Аханованың сәттілік тілеп, бағдарламаны таныстыруынан басталды, ары қарай мазмұнды психологиялық тренингтермен жалғасын тапты.
Психологиялық тренингтер "Мен және менің ортам", "Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы", "Туған өлкем", "Артефактымен жұмыс арқылы жадыны дамыту"," Ұстаз- ұлы тұлға","Ұлттық құндылықтар- болашақтың бастауы"
Ата-аналар үшін "Отбасындағы тәрбие және ата-ананың рөлі" атты арнайы тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шара "Біз бақытты ұрпақпыз" атты концерттік бағдарламамен аяқталды.
Семинар барысында оқушылар мен ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды, ұлттық құндылықтарды бағалаудың маңыздылығын түсінді.
Осындай шаралар жас ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп, олардың ұлттық болмысқа деген сүйіспеншілігін арттырады.