Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің робототехника үйірмесі тағы да толағай жетістіктерге қол жеткізді.
Үйірме жетекшісі Ә.Төрегелдиеваның жетекшілігімен оқушыларымыз "Қазақстандағы IT және AI: болашаққа көзқарас" атты ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР байқауында қос бірдей БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.
Бұл жеңіс – білімге деген талпыныстың, тынымсыз еңбектің және жаңашыл ойлаудың нәтижесі.
Осындай жоғары жетістікке жеткен дарынды оқушыларымызды және олардың жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!
Болашақта IT және жасанды интеллект саласында жоғары жетістерге жетуіне тілектеспіз. Жеңісті күндер болсын!