С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебінде аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушыларының арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының екінші кезеңі 2026 жылдың 31 наурыз күні сағат 09:00-де өткізілді.
Мақсаты- мектеп оқушылары арасында Мәшһүр Жүсіп шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру.
«Мәшһүр Жүсіп оқулары» бес бағыт бойынша өткізілді
1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақытым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы.
2. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасы қорғау.
3. «Білімді зерек адам болам!» десең Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу.
4. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар батырлар».
5. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар». Аталған байқауға 120 жуық оқушы қатысты.





