Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

М.ӘУЕЗОВ МЕКТЕБІНДЕ ӨТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА!

«Ана – отбасы шуағы» мерекелік-танымдық іс-шарасы Түркістан облысы, Отырар ауданында «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында, сондай-ақ С.Сейфуллин мектебі, Шеңгелді шағын жинақты мектебі және М.Әуезов мектебінің біріккен “Адалдық – мәңгілік құндылық” жобасы негізінде әже, ана және қыздарға арналған отбасылық сайыс өтті.

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтау, адалдықты насихаттау, отбасы тәрбиесінің рөлін арттыру және ата-ана–мектеп байланысын күшейту.

Үш мектептің командалары таныстыру, анаға хат, ситуациялық сұрақтар, өнер көрсету және қолөнер кезеңдерінде өздерінің ұлттық танымын, тәрбиелік ұстанымын, өнері мен отбасы үйлесімін жоғары деңгейде көрсетті.

Барлық қатысушылар «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалқанұлының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен бірге М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Сыздықәлі

Айнұр Әбдіғапбарқызы тарапынан да арнайы алғыс хат және қаржылай сыйақы табысталды.

Ұлттық құндылықты дәріптеу – ұрпақ тәрбиесіндегі басты парыз.

#адалдықмәңгілікқұндылық #біріккенжоба #Ұлттықмұра #анаотбасышуағы #тәрбиеталбесіктен #МӘуезовмектебі