Түркістан облысы, Отырар ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 17.03.2026 жылы «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді .Бұл маңызды басқосу – бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін басты назарға ала отырып, ата-ана мен мектеп арасындағы тығыз байланысты нығайтуды мақсат етті.
Жиналыс барысында оқушылардың білім, спорт және өнер салаларында облыстық деңгейде жеткен жетістіктері ерекше атап өтіліп, үздік оқушыларды марапаттау рәсімі өткізілді. Жезқазған қаласында 13-14 наурыз күндері өткізілген спорттың Кураш түрінен 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Осы сайысқа мектебімізден 6-оқушы оқушы қатысып жүлделі 1-2-3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.Сондай-ақ "Ұлттық мектеп лигасы" жарысының облыстық кезеңінде 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілген спорттың гандбол түрінен 3-орын алғаны үшін Отырар ауданы. М.Әуезов мектебінің командасы марапатталды.Осы жеңімпаз оқушылар мен жаттықтырушыларына тұрақты демеушіміз "TOLAGAI GLOBAL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы әрі директоры Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлы қаржылай демеушілік жасап, көмек көрсетті.Бұл – жас дарындардың еңбегіне берілген лайықты баға ғана емес, өзгелерге үлгі боларлық жарқын сәт болды.
Аталған жиынға ауыл әкімі, Әлімжан Қалмұратұлы,ата-аналар комитетінің төрағасы Омаров Жұмабай Ерназарұлы,мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байсбаев Біржан Әбдіманапұлы сондай -ақ теолог маман Салықбаев Қайрат қатысып, бала тәрбиесі, қауіпсіздік, рухани құндылықтар төңірегінде мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті. Келелі кеңесте қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалып, ата-ана мен ұстаздың бірлескен жұмысының маңызы айқындалды.
Бала – біздің болашағымыз. Оның қауіпсіз, саналы, тәрбиелі болып өсуі – баршамызға ортақ міндет!





