Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
Жаңалықтар
МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ҰСЫНҒАН 7 КІТАПТЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектепте «Зерделі ұлт» ұлттық жобасы аясында «Кітап оқитын ұстаз келбеті» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында мектеп басшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жеті әдеби шығарманы талдап, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәніне тоқталды.
Басшылар таңдаған шығармалар:
О. Бөкей – «Ұйқым келмейді»;
Д. Исабеков – «Қарғын»;
Ә. Кекілбаев – «Үркер»;
Қ. Жұмаділов – «Тағдыр»;
С. Елубай – «Ақ боз үй»;
М. Мағауин – «Аласапыран»;
М. Әуезов – «Абай жолы».
Талқылау барысында шығармалардың ұлттық болмыс, тарихи сана, адамгершілік құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесіндегі орны сараланды.
Нәтижесінде М. Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектептің директоры Нұрдаулет Баубеков «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша жасаған талдауымен үздік атанды.
Кітап оқитын басшы – ойлайтын басшы. Ойлайтын басшы – жаңашылдыққа бастайтын басшы.
Жиын соңында Ұстаздар күніне орай әріптестер арасында кітап сыйлау дәстүрі жалғасты. Ұстаздар бір-біріне кітап тарту етіп, оқу мәдениеті мен өзара құрметті дәріптеді.