Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

МЕКТЕПТЕН - МЕКТЕПКЕ ЖОБАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес "Мектептен - мектепке" жобасы аясында мектептер арасында әдістемелік қолдау көрсету мақсатында екі мектепте жоспарлы жұмыс жасалды.Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебіне Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мамандары мен мұғалімдері келіп,сабақтар өтіп,тәжірибелерімен бөлісті.Жұмыс бағдарламасына сай сабақтарда тиімді әдіс- тәсілдер,шеберлік,оқу мақсатына жету қадамдары,бағалау әдістері сапалы көрсетілсе,сынып жетекші,ата-аналармен кеңес жұмыстары қажеттіліктерге бағытталды. Оқу- тәрбие процесін қамтыған бір күндік әдістемелік жұмыстың бергені мол.Сабақтар мен іс- шараларға бірнеше педагогтар қатысып,өзара талдау,қолдау жұмыстарын жүргізді. Қорытынды кезеңде әрбір іске кері байланыстар мен сұрақтар берілді.Бұл сапалы жұмыс пен тиімді сабақтардың ары қарай дамуына ықпал етеді.

Жобаның мақсаты да әдістемелік қолдау,әдіс алмасу арқылы кәсіби құзыреттілігін дамытып,ізденіске жетелеу. Міне, мектептер арасында үлкен қолдау тапқан бұл жоба жалғасса деген ұсыныстармен қорытылуы. Іс- шараның басы-қасында болған аудандық білім бөлімінің әдіскерлері З.Жақыпбекова, Ж.Қонтаева, Ж.Қалманова,Бақыт ағайларға шығармашылық табыс тілейміз.