Отырар ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында жүзеге асыру және тәжірибеге енгізу мақсатында «Оқитын сынып» жобасымен балалар жазушысы, ақын, аудармашы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі » тақырыбында аймақтық семинар Ш.Уалиханов мектебінің базасында өткізілді, семинарға Ш.Уалиханов мектебінің 7 сынып оқушылары мен білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілері, кітапхана мамандары қатысты.
Сапарғали Бегалин артына мол әдеби мұра қалдырды. Ол-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, этнограф, әрі тарихшы, қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы. Көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер ақындардың айтыстарының мәтінін жазған. Сапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды, сазды лирик, сыршыл ақын. Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық. Талантты аудармашы. Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған. Сапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал. Сынып жетекші Сағындық Ұлбала, кітапхана мамандары Гүлзат Ыдырыс пен Киізбаева Жансая балалар жазушының өмірбаяны , шығармасымен оқушыларды толық мағұламат берді. Еліміздің жас жеткіншектері осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек. Халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп бүгінге жеткізген ардақты ақсақал Сапарғали Бегалин - біздің алтын сандығымыз. Ол сандық ашқан сайын көз қызықтырып, көңілімізді өсіреді.





