Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

🔰 Отырар жалпы білім беретін мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында "Кітапханаға кітап сыйлайық" акциясы болып өтті. Мақсаты: кітап оқуды насихаттау, білімге деген сүйіспеншілікті ояту және кітап сыйлаудың ерекше маңызын көрсету.

✅️ Бұл акцияға аудандық білім бөлімінің кітапхана жөніндегі әдіскері М.Жақсыбаева мен мектеп директоры Ж.Оспанов сөз алып, жас оқырмандарға өз лебізін білдірді және мектеп кітапханасына өз кітаптарын сыйлады.

✅️ "Оңтүстік Қазақстан" газетінің журналисті, осы мектептің түлегі, жазба ақын Ерман Бауыржан өзі түлеп ұшқан мектебіне өзінің жүрекжарды өлеңдері жазылған алғашқы туындысы "Галактикаға саяхат" атты кітабының бірнеше данасын сыйлық ретінде тарту етті.

✅️ Мектеп оқушылары өздері алып келген кітаптарын сыйға тартып, мектеп кітапханасына өз үлестерін қосты. Кітапханашы Жылқыбаева Хадиша барша қатысушыларға алғысын білдірді. Акцияға 30 кітап сыйға тартылды.

Кітап сыйлау-үлкен іс,

Досыңды танып, ұғып іс.

Өмірге керек ақыл көп,

Кітаптан алар білім күш дегендей кітап оқитын оқырмандарымыз көбейе берсін.

479191668 2699890613733185 1462203709343579 n478836178 2699890837066496 3635614000804807422 n477643222 2699890760399837 8661675056606331895 n