Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
ОҚУШЫ БІЛІМІН ДАМЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

ОҚУШЫ БІЛІМІН ДАМЫТУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

🔰 2025 жылдың наурыз айының 5-і күні Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында "Оқушы білімін дамытуда жасанды интеллектінің тиімділігі" тақырыбында биология пәні мұғалімдерінің аудандық семинары өтті.

🔰 Семинарда «Smart bala» инновациялық жобалар көрмесі, сондай-ақ, «Тәуелсіздік және Отаншылдық» атты бағдарламасы (Relax time) аясында сазды кеш ұйымдастырылып, өткізілді.

🔰 Семинарды аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Д.Ембай, мектеп директоры Т.Едигеева ашып берді. Сондай-ақ, аудан мектептерінен келген ұстаздарды топқа бөліп, семинардың бағдарламасымен таныстырды.

🔰 Семинар барысында М.Боранбаева 8“Ә” сыныпқа “Гормондар”. “Гуморальдық реттелу” ұғымдары. Эндокринді, экзокринді және аралас бездерінің орналасуы және қызметі. Бездерден бөлінетін гормондар, А.Ниязбекова 7“Ә” сыныпқа "Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шарттыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі", А.Остемирова 11“Ә” сыныпқа "Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі және оның маңызы. Экстракорпоральды ұрықтандырудың этикалық аспектілері" тақырыптарында ашық сабақтар өтті.

🔰 Сонымен қатар, пән мұғалімдеріне А.Жұмаділлә "Биология пәнінен зерттеу жұмыстары: техникалары, инстайттары" тақырыбында коучинг, мектептің педагог-психологы А.Әуелбекова мен үйірме жетекшісі А.Рысбаева "Жақсы көңіл күй - жанға қуат" тақырыбында тренинг, А.Остемирова "Биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда аналитикалық ойлауға бейімдеу жолдары" тақырыптарында шебер сынып өткізді.

🔰 Семинарда ашық сабақтарға, өткізілген тренинг, коучинг, шебер сыныпқа қатысқан ұстаздар өз пікірлерін айтып, көптеген құнды дүниелермен қоса жаңа платформаларменен де танысқандығын жеткізді.

🔰 Семинар соңында аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің әдіскері Б.Абдукаримов, мектеп директоры Т.Едигеева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Байзақтар семинардың жоғары деңгейде өткізілгендігін атап, қорытындылады.

480984290 2719733155082264 6612431267621025120 n481224076 2719717828417130 4135679889217359390 n481925889 2719717951750451 8714227366195499939 n481949984 2719717878417125 5984822806141237499 n482266106 2719732698415643 5998650088550317850 n481069651 2719732628415650 7650881958598100502 n