Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
ОРТА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕ КӨТЕРУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

ОРТА БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕ КӨТЕРУ ЖИЫНЫ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының базасында Ғылымдар Академиясының басқарма төрағасы А.Құсайыновтың қатысуымен «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде көтеру» бағдарламасының жүргізілу барысы туралы келелі жиын өтті. Жиынға Түркістан облысы білім басқармасының, орта білім беру бөлімінің бас маманы Жылқайдаров Рауан Даулетханұлы және білім беруді дамыту орталығының әдіскері Арқабаев Нұғман Сманұлы қатысты. Жиын барысында академик А.Құсайынов білім сапасын көтерудегі жұмыс жоспарларын талқылап, алдағы атқарылар жұмыстардың легіне де тоқталып өтті. Сонымен қатар, маңызды сұрақтарды талдап, шешілу жолдары да түсіндірілді.

Жиын барысында Асқарбек Қабыкенұлы бағдарлама аясында жоғары деңгейде жұмыс жасаған Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Даримбекова Кулзад Дуйсембаевнаға демалыс-сауықтыру орталығының жолдама сертификатын табыстап, 15 мұғалімге облыс әкімі орынбасарының және білім басқармасының құрмет грамотасымен марапаттады.

Жиында сөз алған мектеп директорлары, мұғалімдер білім сапасын көтерудегі бұл бағдарламаның берер нәтижесі жақсы болатындығын және оны арттыру қажет екендігін атап өтті. Жиын соңында әрбір мектептен келген мектеп басшылары мен орынбасарларының тұшымды ұсыныстары ескерілетіндігін жеткізді.

475763397 2690535398002040 7623775693418706453 n476159859 2690535454668701 8657960047457490486 n