Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде орналасқан Атамекен жалпы білім беретін мектептің базасында Ғылымдар Академиясының басқарма төрағасы А.Құсайыновтың қатысуымен «Орта білім беру сапасын ғылыми-практикалық негізде көтеру» бағдарламасының жүргізілу барысы туралы келелі жиын өтті. Жиынға Түркістан облысы білім басқармасының, орта білім беру бөлімінің басшысы Исмаилов Турар Мажитович және басқармадағы жауапты өкіл Айдаров Нұралы Тұрдыұлы, Ордабасы ауданының білім бөлімі, әдістемелік кабинет меңгерушісі Бекпеиіс Бақытжан Бектұрғанұлы қатысты. Жиын барысында академик А.Құсайынов білім сапасын көтерудегі жұмыс жоспарларын талқылап, алдағы атқарылар жұмыстардың легіне де тоқталып өтті. Сонымен қатар, маңызды сұрақтарды талдап, шешілу жолдары да түсіндірілді. Жиында сөз алған басқарма мамандары тарапынан Т.Исмаилов, Н.Айдаровтар білім сапасын көтерудегі бұл бағдарламаның берер нәтижесі жақсы болатындығын және нәтижеге бағдарланған жұмыс потенциалын арттыру қажет екендігін атап өтті. Жиын соңында әрбір ауданнан келген мектеп басшылары мен орынбасарларының тұшымды ұсыныстары ескерілетіндігін жеткізді.