Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтып, бос уақытын мазмұнды өткізу мақсатында жұмыс істейтін «Отырар» жазғы балаларды сауықтыру лагері маусымдық жұмысын аяқтады. Жазғы сауықтыру лагеріне 1050 бала қамтылды. Әр маусым сайын Отырар аудандық мәдениет, спорт клуб мамандары келіп "Бұқаралық спорт — ұлт саулығының кепілі" тақырыбында ұлттық ойындар ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Лагерь жұмысы барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға бағытталған түрлі танымдық, мәдени-шығармашылық және тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Балалар спорттық жарыстарға, эстафеталарға, зияткерлік ойындарға, шығармашылық жұмыстарға белсене қатысып, өзара достық қарым-қатынасын нығайтты.
Сонымен қатар оқушылар табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салтын ұстану, қауіпсіздік ережелерін сақтау бағыттарында пайдалы ақпараттармен танысты. Лагерь тәлімгерлері күнделікті жас өрендерге танымдық лекциялар оқып,кітап оқушы жас оқырмандарға кітап бұрышы ұйымдастырылды. Оған күнделікті жас оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптарын алып, білімдерін шыңдады.
Осылайша, «Отырар» жазғы балаларды сауықтыру лагерінің кезекті жұмысы өз мәресіне жетті.





