Таяуда Астана қаласында өткен «Қазақстан-Сириус» II Халықаралық таланттар саммиті аясында ғылым мен мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі бастау алды.
Бұл маңызды жиын «Талант және табыс» білім беру қоры (Ресей Федерациясы) мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтерді.
Аталған саммитке Отырар ауданындағы «№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің информатика пәні мұғалімі Абылай Мұхтарұлы мен 10-сынып оқушысы Әлімхан Әлинұр Асқарұлы қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Әлімхан Әлинұр – білімді әрі дарынды оқушы. Ол биылғы оқу жылында математика пәнінен «Алтын түлек» олимпиадасына қатысып, ІІ орын иегері атанған. ![]()
Ал «Қазақстан-Сириус» II Халықаралық таланттар саммитінде информатика бағыты бойынша «Сәулет және қала құрылысы бағытындағы жобалық интенсив» тақырыбында өз жобасын сәтті қорғап, ерекше көзге түсті.
Дарынды шәкірттің еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Досбергенқызының қолынан арнайы марапатқа ие болды.
Әлинұрға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!
Бұл жетістік – шәкірт пен ұстаз еңбегінің жемісі. Жетекшісі Абылай Мұхтарұлының кәсіби біліктілігі мен еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.





