Тіліңізді таңдаңыз

Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ” БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

🏫Бүгін Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Ө. Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат базасында Махамбет Өтемісұлының рухы мен шығармашылық мұрасын дәріптейтін республикалық байқаудың аудандық кезеңі ұйымдастырылды.
Байқау 5 бағыт бойынша жүзеге асып, оқушылар өз өнерлері мен білімдерін ортаға салды:
📌Нарында» – Махамбет шығармалары бойынша иллюстрациялық сурет салу;
📌 «Ел құтқарар ер едім...» – шығармаларын жатқа, мәнерлеп оқу;
📌«Тартынбай сөйлер асылмын...» – жас ақындардың өз туындыларын орындауы және ұсынылған тақырыпта өлең шығаруы;
📌 «Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау;
📌 «Біз неткен ер, неткен ер?» – «Хандар мен ел билеушілер» немесе «Батырлар» тақырыптарын тарихи-әдеби тұрғыдан қорғау.
✅Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар анықталып, үздіктер облыстық кезеңге жолдама алды.
Жас ұрпаққа Махамбет мұрасын насихаттап, ұлттық рух пен елдік сананы қалыптастыруға бағытталған тағылымды шара жоғары деңгейде өтті.
Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Өнерлерің өрге жүзсін, жеңістерің жемісті болсын!