Осы негізде Отырар ауданының бітіруші түлектердің 2025-2026 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң дамуы оқушыны сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Аудан бойынша 837 мектеп бітіруші болса, ҰБТ-ға қатысқандар саны-798, қатысу пайызы 95,3%.
Иә, жоғары нәтиже көрсеткен барлық түлектеріміз үшін қуаныштымыз. Білім шыңын бағындырып, мемлекеттік грант иегерлері атана беріңіздерІ
Сондай-ақ, аталған оқу жылының ішінде білім сайысына қатысып, білмекке құмарлығын дамытып, ақылы мен күш – жігерін шыңдап, білім-ғылым үйренбекке талап қылушы оқушыларымыз облыстық, республикалық білім сайыстарынан жеңіспен оралып, аудан және облыс мәртебесін асқақтатты.
Аталған жетістіктерге қол жеткізген оқушылар мен пән мұғалімдерінің еңбегі ерен.
Иә, ата-ана мен ұстаздардың ең үлкен мақтанышы – білім алушылар! Армандарыңа жетер жолда табандылық пен қайрат тілейміз!





