Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ЕРЕЖЕСІНІҢ ТҮСІНДІРУ ВЕБИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық білім бөлімі, әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспары негізінде білім беру ұйымдарының педагогтеріне вебинар өткізілді. Вебинардың негізгі мақсаты - Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі Ережесін түсіндіру. Педагогтерге әдістемелік материалдарды әзірлеу кезінде педагог нормативтік актілерді басшылыққа алуы тиіс құжаттарын атап өтті.

Педагогикалық тәжірибені бекіту және тарату алгоритмі барлық құжаттар пакетін жинап, мұғалім оларды дәйекті түрде ұсынады: педагог-модератор – білім беру ұйымының ӘК, педагог-сарапшы білім беру ұйымының ӘК, АББ-нің оқу-әдістемелік кеңесі, педагог-зерттеуші білім беру ұйымының ӘК, АББ-нің оқу-әдістемелік кеңесі, ОББ жанындағы оқу-әдістемелік кеңесі, педагог-шебер білім беру ұйымының ӘК, АББ-нің оқу-әдістемелік кеңесі, ОББ жанындағы оқу-әдістемелік кеңесі, білім беру саласындағы уәкілетті органның жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес қарап бекітеді. Тәжірибені жинақтау және тарату ҚР Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрыққа қосымша, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген. Педагог-модератор, педагог-сарапшы – дидактикалық материалдар немесе оқу, әдістемелік құралдар немесе әдістемелік ұсынымдар; педагог-зерттеуші – оқу-әдістемелік ұсынымдар немесе авторлық бағдарламалар; педагог-шебер – авторлық бағдарламалар болып табылады.