Отырар ауданының білім бөліміне қарасты “Сырдария” шағын жинақты негізгі орта мектебінде “Шағын жинақты мектепте ұлттық құндылықтар мен жасанды интеллектінің рөлі” тақырыбында аудандық семинар өткізілді.
Семинар бөлімдері:
1. Ұымдастыру бөлімі. Семинарға қатысушыларды қарсы алу, тіркеу. “Дәстүрден-жаңашылдыққа: Ұлттық құндылықтардың заманауи көрінісі” мектеп көрмесі. Семинарды ашу және бағдарламамен таныстыру.
2. Тәжірибелік бөлім:
“Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбында 7 сынып оқушыларымен тарих пәні мұғалімі О.Үсіпбай, “Present perfect tense” тақырыбында 8 сынып оқушыларымен ағылшын тілі пән мұғалімі С.Бекеш, “Қазақстанның ішкі суларының геосаяси мәселелері” тақырыбында 9 сынып оқушыларымен география пән мұғалімі А.Тасболатов, “Қыпшақ Сейіткүл-кәсіпкер әліппесі” тақырыбында 5 сынып оқушыларымен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі М.Тұрсымбекова ашық сабақ.
Және Д.Нарымбетов “Мұғалімге сабағын тиімді ұйымдастыруға қажетті онлайн платформалар мен ЖИ құралдары” А.Тасболатов “Цифрлық технологияларды жаратылыстану-география пәндерінде қолданудың тиімділігі” тақырыбында ақпараттық практикалық сабақ өткізді.
3. Қорытынды бөлім:
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Даналық мектеп клубы “Жеңге мінезімен көркем” тақырыбында сырласу кеші, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Семинар соңында Отырар ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай қорытынды жасап келген әріптестермен кері байланыс, ұсыныс пікірлер тыңдалды.