А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 3 сәуір күні "Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері", "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі" белгісінің иегері, ұлағатты ұстаз Досыбай Мәуленұлы Пәрменқұловтың 75 жасқа толуына орай, аудан мектептерінің 7-11 сынып оқушыларының арасында жазба ақындар мүшайрасы өткізілді. Мақсаты: Д.М.Пәрменқұловтың білім саласына арнаған өмірі мен шығармашылығын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, білім алушылардың арасынан шыққан ерекше дарындыларды іздеп табу. Мүшайраны аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі ДЕмбай ашып, оқушыларға сәттілік тіледі.
Аталған іс-шарада әдіскер Злиха Жақыпбекова, ұлағатты ұстаз, зейнеткер ақын Жұмакүл Нәлібаева және ақын ұстаз Раушан Мұратовалар Д.Мәуленұлының өмір жолындағы атқарылған жұмыстары мен елеулі еңбектерін өнеге етті.
Мүшайраға қатысқан жас ақындарымызды анықтап, іс-шара соңында әдіскер А.Қамбарова жас ақындарды құттықтап, марапаттау жасады.
Мектеп ұжымының ерекше дайындаған кітап сөресінде Досыбай Мәуленұлының кітаптары мен мақалалары, жетістіктері мен естеліктері оқушыларға таныстырылды. Шығармашыл ұстаздарға марапаттар беріліп, сыйлықтар ұсынылды.
Бірінен соң бірі жалғасын тапқан іс-шара барысында мектеп директоры А.Шарипов Досыбай Мәуленұлының ұрпақтарына жылы лебізін білдіріп, алғысын айтты. Бүгінгі аталған жазба ақындар мүшайрасы жоғары дәрежеде өтіп, көптің көңілінен шықты.