Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында ашық сабақтар (сынып сағаттары) өткізілді.
Іс-шара барысында 1–11 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес эко-сағаттар ұйымдастырылып, суды үнемдеу, табиғи ресурстарды қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға судың маңызы, оны тиімді пайдалану жолдары туралы ақпарат беріліп, танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап, пікір алмасу жұмыстары өткізілді.
Ашық сабақтарға қала көлеміндегі білім беру ұйымдарынан жалпы 11678 оқушы қамтылды. Оқушылар су ресурстарына деген ұқыптылық танытудың азаматтық парыз екенін ұғынды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.





