Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«SUPER STAR» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысының білім басқармасының «Отырар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы Қ.Шербаевтың 03.03.2025 жыл №86 бұйрығы негізінде «Super Star» байқауы 11.04.2025 өткізілді.

Бекітілген ереже бойынша 5-8 сынып оқушылары арасындағы «Super Star» байқауының мақсаты:жас ұрпаққа тіл білудің маңыздылығын ұғындырумен қатар, оқушылардың ағылшын тіліне деген құштарлығын арттыру, оқу сауаттылығы мен шет тілінде кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық ынтасын арттыру.

Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Қазіргі жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Ал, ағылшын тілін жетік меңгеру -заман талабы.

Байқаудың тағы бір ерекшелігі әлем әдебиеті және классик жазушылар мен ақындардың лирикалық, эпикалық, прозалық, драмалық шығармалары, фольклорімен танысып, өз ой-пікірлерін ағылшын тілінде жеткізе білуге дағдыландыру;

Аудан бойынша 30 мектептен қатысушы топтар екі кезеңге бөлінді. Байқау қорытындысы бойынша оқушылардың жақсы жұмыстары анықталды.

«Бас жүлдемен» М.Әуезов мектебі,

І орынмен Ө.Жәнібеков мектебі,

ІІ орынмен А.Дәрібаев, С.Әлиев мектептері марапатталды.