Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс
«ТӘРБИЕСІЗ БЕРІЛГЕН БІЛІМ –АДАМЗАТТЫҢ ҚАС ЖАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА МАЗМҰНДЫ ШАРА ӨТТІ

«ТӘРБИЕСІЗ БЕРІЛГЕН БІЛІМ –АДАМЗАТТЫҢ ҚАС ЖАУЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА МАЗМҰНДЫ ШАРА ӨТТІ

✅️ Қазіргі қоғамда оқушылардың арасында көптеген вейб, лудомания, тағы басқа мәселелер туындап жатыр. Сондай жат қылықтардың алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығына сәйкес, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мазмұны жаңартылып, аудандық барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуда. Осы мақсатта білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның барлық білім беру ұйымдарында 2025 жылдың 24 қаңтар мен 21 ақпан аралығында бала тәрбиесіне бағытталған тақырыптар беріліп, ата-аналармен бірге атқарылған жұмыстары видеоролик түрінде дайындалып, іріктеу жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы жинақталып, аудандық мәдениет сарайында 18.03.2025 жылы «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» тақырыбында көпшілік назарына ұсынылды.

✅️ Шараға аудан әкімдігі, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімі, «Аманат» партиясы, қоғамдық ұйым төрағалары, мектеп директорлары, тәрбие орынбасарлары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен ата-аналар шақырылды. Жиында атқарылған жұмыстар негізінде үздік деп танылған мектептердердің «Білім берудің қай түрі болмасын - тәрбие» тақырыптарындағы көріністері видеоролик түрінде көрсетілсе, Ж.Егембердиев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектеп ұжымының «Тайып бара жатқанға таяныш бол» тақырыбындағы көрінісі сахнада көрсетілді. Сонымен қатар, А.Дәрібаев, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп психологтарының ата-аналармен осы тақырып төңірегінде жүргізілген жұмыстарың видеоролигі экранда көрсетіліп, Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушылары Ыбырайхан Мұсабек, Нұрболатұлы Нұрасыл, 5-сынып оқушысы Пернеш Инабат жиналған қауым алдында мәнерлеп көркем сөз оқыды

✅️ «Отан отбасынан басталады» демекші ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату – кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып атсалыссақ алар асуымыз биік болары сөзсіз деген оймен жиын соңы көпшіліктің ұсыныс, пікірлерімен қорытындыланды.

WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.31 de0200cbWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.32 ca2d6c61WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.36 76d743afWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.37 e3695f2aWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.38 4984718aWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.39 3185fb7cWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.41 5a55368eWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.42 df000ec4WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.41 5a55368eWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.43 9cb282bdWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.44 3dd810b8WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.52 48a16a59WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.47 8fd642d0WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.49 176003cdWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.51 7a554d12WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.53 24bef1d6WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.27.55 0fec438eWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.28.05 a1e0443eWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.28.06 6a85a8feWhatsApp Image 2025 03 19 at 17.28.07 219764d3WhatsApp Image 2025 03 19 at 17.28.08 b177e18a