Тіліңізді таңдаңыз

Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ:БҮГІНГІ МІНДЕТ, ЕРТЕҢГІ НӘТИЖЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫС ӨТТІ

Аудандық білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагогтар және педагог-психологтар мен мектеп медбикелеріне арналған секция отырысы өз мәресіне жетті. Бұл басқосу тәрбие процесіне конституциялық құндылықтарды сіңірудің, әлеуметтік-эмоционалдық оқытуды енгізудің және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың заманауи бағыттарын айқындады.
📍 Секциялық жиын 2026 жылдың 20 тамызында, сағат 09:00-1300 аралығында Жамбыл атындағы мектеп-лицей базасында ұйымдастырылды.
🎯 Басқосудың негізгі тақырыбы – «Психологиялық қолдау: бүгінгі міндет, ертеңгі нәтиже» Басты мақсат — ұлттық және адами құндылықтарды мектептің тәрбие кеңістігіне біріктіру, оқушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту және өңірлік экологиялық бастамаларды іс жүзінде асыру.
🎙️ Секция жұмысын білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайыпбекұлы ашып, бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында психологиялық қолдаудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
✨ Іс-шара барысында Отырар аудандық полиция бөлімінің подполковнигі Нұрбеков Асхат бала қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу бағыттары бойынша баяндама жасап, білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.
👥 «Шуақты аналар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Белгібаева Мәрия Имансарықызы «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасап, бала тәрбиесіндегі отбасының орны мен ата-ананың жауапкершілігі туралы маңызды ойларымен бөлісті.
👥 Отырар аудандық орталық аурухана басшысының ана мен бала жөніндегі орынбасары Тулешова Салтанат Оспанқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024 жылғы 2 шілдедегі №419 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 4 шілдедегі №170 бірлескен бұйрығының негізгі бағыттарын таныстырып, аудандық білім беру ұйымдарына бекітілген ЖПД дәрігерлердің жұмысына тоқталды.
👥 Сонымен қатар, Отбасы қолдау орталығы басшысының орынбасары Айтуреева Алмагүл Абсадыққызы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында баяндама жасап, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🎙️ Бас қосу жиынының қорытынды бөлімінде Отырар ауданы білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық органының бас маманы Түлендиева Қаракөз Түлендиевна «Психологиялық қолдау – бүгінгі міндет, ертеңгі нәтиже» тақырыбында баяндама жасап, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау қызметінің негізгі міндеттері мен тиімді жұмыс бағыттарын атап өтті.
Іс-шара соңында семинар жұмысы қорытындыланып, қатысушыларға білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайту, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-анамен тиімді байланыс орнату және алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу бойынша қажетті ұсыныстар берілді.