Отырар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Кітапханаға кітап сыйлайық” акциясы аясында жазушы М.Мағауиннің туылғанына 85 жыл толуына орай “Тарихтан тағылым тартқан жазушы” тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Семинарды білім бөлімінің әдіскері М.Жақсыбаева мен мектеп директоры А.Шарипов ашып берді.
Семинарда М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығы бойынша әдіскер М.Жақсыбаева баяндама жасады.
Семинарға қатысқан кітапхана мамандары М.Мағауиннің ғылыми зерттеу еңбектеріне, шығармаларына талдау жасады.
Семинар барысында Отырар ауданы, Шытты ауылының тумасы, А.Дәрібаев атындағы жалпы білім беретін мектептің шәкірті, "ALQA" радиосының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, журналист, жазушы Серік Сейтман "Қамшының сабы" кітабын және осы мектептің тағы бір түлегі жазушы, журналист Башарқызы Мейрамкүл кітаптарын тарту етті.
Сонымен қоса, мектеп басшылары, мұғалімдері мен кітапханашылар да кітаптарын сыйға тартып, өз үлестерін қосты.
Семинарда Мағауиннің нағыл сөздерін кітапханашы Балжан Қалдарова мен мектеп оқушылары нақышына келтіріп, керемет орындап шықты. Кеш оқушылардың ән, билерімен жалғасын тапты.