Тіліңізді таңдаңыз

Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«ЖАҢА ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жамбыл атындағы мектеп-лицей базасында 2026 жылдың 20 тамызы күні аудандық білім беру ұйымдарындағы педагогтеріне арналған тамыз кеңесі аясында секция отырыстары өтті. Тамыз кеңесінде 40 секция жұмыс жасап, 1200 педагогтер қатысты.
Педагогтердің бас қосу жиынында жаңа оқу жылының ерекшеліктері таныстырылып, білім саласының өзекті мәселелері талқыланды.
Онда білім беру саласының барлық бағыттарын қамтыған секциялар жұмыс жасады:
бастауыш сынып, мектепалды даярлық педагогтері;
қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, география, математика, жаратылыстану пәндері мұғалімдері;
информатика, эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, қосымша білім беру педагогтері;
сынып жетекшілер, тәлімгерлер, әлеуметтік педагогтар;
мектеп директорлары және олардың орынбасарлары;
мектепке дейінгі ұйымдар педагогтері мен педагог-психологтар.
🔹 Әрбір секцияда жаңа оқу жылындағы білім беру саясатының негізгі бағыттары талқыланып, озық тәжірибелер ұсынылды. Педагогтер кәсіби дамуға арналған әдістемелік қолдаулармен бөлісіп, білім сапасын арттыру жолдарын қарастырды.
🏫 Жиынға арнап мектеп ұжымдары көрмелер ұйымдастырып, педагогикалық жетістіктерін паш етті. Сонымен қатар, секция отырыстары өтетін мектептердің ұжымдары іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосты.
Барлық секцияда ұсыныстар қабылданып, 2026–2027 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары айқындалды.