Түркістан облысының білім басқармасының "Отырар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ”ОЛИМПИАДАСЫ

11 сәуір күні Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов мырзаның қолдауымен “Жарқын болашақ”олимпиадасы Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында орналасқан №1 жалпы білім беретін мектеп базасында жоғары деңгейде өтті.

Аталған олимпиаданың облыстық кезеңіне 5 бағыт бойынша барлығы 210 оқушы қатысып, олардың 45 пайызы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар І , ІІ және lll дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, Түркістан облысының білім басқармасы жанындағы «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Олимпиада аясында қатысушылар үшін танымдық бағдарлама да ұйымдастырылып, олар Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалашығына саяхат жасады.