Түркістан облысы, Отырар аудандық білім бөлімінің жоспарына байланысты 2026 жылдың 15-сәуір күні Көкмардан жалпы білім беретін мектебінде аудандық мектеп кітапханашылары мен пән мұғалімдерінің қатысуымен мазмұнды семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – білім беру үдерісінде кітапханашы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты арттыру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту және сапалы білім беруде тиімді әдіс-тәсілдерді бөлісу болды.
Іс-шара барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру талаптарына сай бірлескен жұмыстардың жаңа форматтарын талқылады. Сонымен қатар, оқырман мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру бағытындағы тиімді жұмыстар көрсетілді.
Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға тың идеялар мен жаңа серпін сыйлады. Осындай кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.





